UFC басшысы Хамзат Чимаев қашан титул жекпе-жек өткізе алатынын айтты

UFC басшысы Хамзат Чимаев қашан титул жекпе-жек өткізе алатынын айтты

UFC президенті Дана Уайт Хамзат Чимаев келесі жекпе-жегін биыл өткізетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жанкүйерлер Чимаевты 2021 жылы қайта октогонда көре ала ма? Иә. Камару Усман? Чимаев мұндай жекпе-жекке дайын ба, жоқ па, білмеймін. Ол 11-ші орындағы файтерді жеңіп, алғашқы ондыққа енді. Бірақ бесінші немесе одан жа жоғары тұрған споршымен төбелесудің жөні бөлек. Оның титулдық жекпе-жекке дейін бір немесе екі жекпе-жегі бар», - деді Уайт YouTube-тегі TSN арнасына берген сұхбатында.

Чимаев өзінің соңғы жекпе-жегінде UFC 267 турнирінде қытайлық Ли Цзинлянды жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или