«Горняк» құрамын екі шабуылшымен күшейтті
«Горняк» командасының құрамын шабуылшылар Андрей Олейников пен Ильдус Сулейманов толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Андрей Олейников Уфа хоккей мектебінің түлегі. Осы маусымда Олейников "Ақтөбе" ХК қатарында 3 матч өткізді.
«Горнякта» Андрей 42 нөмірде өнер көрсетеді.<br /><br />Ал 22 жастағы Ильдус Сулейманов уфалық «Салават Юлаев» түлегі. Шабуылшының соңғы клубы Петропавлдың «Құлагері» болды, оның қатарында Ильдус 7 матч өткізіп, 2 (1+1) ұпай жинады.
Сүлейманов «Горняк» құрамында 47 нөмірде өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или