Волейболдан Түркиядағы клубтық әлем чемпионатында «Алтайдың» қарсыластары белгілі болды
Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) әйелдер арасындағы клубтық әлем чемпионатына қатысушы командалардың тізімін жариялады, Prosports.kz тілшісі ҚВФ-ға сілтеме жасап.
Желтоқсанның 15 мен 19 аралығында Анкарада (Түркия) волейболдан әйелдер арасындағы кәсіпқой клубтар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Дүниежүзілік волейбол жарысына біздің «Алтаймен» бірге тағы бес клуб қатысады - италиялық Carraro Imoco Conegliano, Түркиядан VakifBank Istanbul және Fenerbahçe Opet Istanbul, сондай-ақ бразилиялық Minas Tênis Clube және Dentil Praia Clube.
Естеріңізге сала кетейік, «Алтай» қазан айында Накхонратчасимада (Тайланд) өткен клубтар арасындағы 2021 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанып, әлемдік турнирге жолдама алған болатын.