Артем Резников Bellator лигасына ауысуы мүмкін

Артем Резников Bellator лигасына ауысуы мүмкін

Қазақстандық файтер Артем Резников ресейлік журналист Игорь Лазоринге берген сұхбатында Bellator лигасына ауысуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

<span>«Bellator-дан екі түррлі ұсыныс бар. UFC-ге кел десе ойланбас едім. Менің бір ғана сұрайтыным бар, ол Bellator-да бірден екі жекпе-жек өткізу. </span>

<span>Әйтпегенде елісімшартқа отырған соң визаны күту керек, одан кейін қарсыласыңды күтесің. Оған уақыт кетеді. Мен қазір әр үш ай сайын жұдырықтасуға дайынмын</span><span>», – деді файтер.</span>

Еске салайық, бұған дейін Резников Absolute Championship Akhmat лигасынан кететінін хабарлаған, себебі промоушен қазақстандықпен келіспей, ол ресейлік Юсуф Раисовпен кездесуге шығатынын мәлім еткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или