«Алтай» командасы клубтар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайды

«Алтай» командасы клубтар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайды

Азия волейбол конфедерациясы (AVС) қазақстандық «Алтай» волейбол командасы клубтар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайтынын ресми түрле растады. 

Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) ұйымдастыратын клубтар арасындағы әлем чемпионаты 2021 жылдың 15-19 желтоқсаны аралығында өтеді. 

Аталған сында Азия құрлығының намысын өскемендік «Алтай» клубы қорғамақ. 

Айта кетелік, «Алтай» командасы клубтар арасындағы Азия чемпионатыда топ жарды. Қазіргі ел чемпиондары финалда Таиланд лигасының төрт дүркін жеңімпазы "Накхонратчасима Qmin C" командасын 3:0 есебімен ұтқан. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или