«Барыс» NHL-дің төрт командасында ойнаған шабуылшымен толықты

«Барыс» NHL-дің төрт командасында ойнаған шабуылшымен толықты

Елордалық «Барыс» хоккей клубы словакиялық шабуылшы Томаш Юрчомен толықты, деп хабарлайды команданың ресми сайты.

Біржақты келісімшарт ағымдағы маусымның соңына дейін жарамды (2022 жылғы 30 сәуірге дейін).

Словакиялық «Кошице» клубының тәрбиеленушісі NHL-мен AHL-де өнер көрсету бойынша тәжірибесі бай. NHL-де «Детройт», «Чикаго» және «Эдмонтонның» намысын қорғады. Форвард өткен маусымды «Вегас Голден Найтс» жүйесінде өткізді. Онда негізгі команда үшін 8 матч (1 нәтижелі пас) және AHL-дегі «Хендерсон Сильвер Найтс» үшін 26 матчта мұз айдынына шығып, 13 (5+8) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или