Баскетболдан Қазақстан құрамасының Азия кубогына қатысатын құрамы жарияланды

Баскетболдан Қазақстан құрамасының Азия кубогына қатысатын құрамы жарияланды

Баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлік штабы Азия кубогының А дивизионына шығуға таласатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі ҚР ҰБҚ<span> </span>баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

В дивизионындағы командалар арасындағы Азия кубогы 7-13 қараша арасында Иордания астанасы Амманда өтеді. Қазақстандық баскетболшылардың топтық кезеңдегі қарсыластары Индонезия мен Иордания болады. 

Нұр-Сұлтандағы оқу-жаттығу жиынынан кейін құрамаға шақырту алғандар: Анастасия Алишаускайте («Тұран»), Мария Астапенко («Қарағанды»), Оксана Багмет («Тұран»), Екатерина Бесчастнова («Ертіс», Павлодар), Дильназ Еркебай («Ертіс», Павлодар), Анастасия Ильясова («Каспий», Актау), Дарья Королева («Нұр-Сұлтан Тайгерс»), Залина Куразова («Тұран»), Эльвира Мирсағатова («Нұр-Сұлтан Тайгерс»), Қамажай Өтегенова («Нұр-Сұлтан Тайгерс»), Рауан Туткишова («Қарағанды»), Тамара Ягодкина («Тұран»).

Бапкерлік штаб: бас бапкер – Виталий Стребков, бапкер – Виталий Лопатин, менеджер – Азамат Қабділкаримов, дәрігер – Ағабек Оралбай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или