Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады

11-13 қараша аралығында Беларусь астанасы – Минск қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «Президенттік спорт клубының кубогы» халықаралық турнирі өтеді.

Қазақстан құрамасы сапында 2004 және 2005 жылы туған ойыншылар өнер көрсетеді. Жарысқа Қазақстаннан бөлек Беларусь (U-17), Ресей (U-16) және Словакия (U-16) құрамалары да қатысады.

Турнир үш ұпайлық жүйемен айналмалы жүйеде өтеді. Матчтар Чижовка Аренада өтеді.

17 жасқа дейінгі құраманы Сергей Старыгин баптайды.

Қазақстан құрамасының матчтарының кестесі:

2021 жылғы 11 қараша, 20:00 – Беларусь – Қазақстан

12 қараша 2021 жыл, 16:00 – Ресей – Қазақстан

13 қараша 2021 жыл, 14:00 – Қазақстан – Словакия

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или