OCTAGON 25 турнирі 14 қарашада Алматыда өтеді

OCTAGON 25 турнирі 14 қарашада Алматыда өтеді

Қазақстандық OCTAGON лигасының баспасөз қызметі кезекті турнирінің өтетін күнін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен, лиганың 25-ші турнирі 14 қарашада Алматыда өтеді. Алдағы шара аясында қазақстандық файтерлерден бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей спортшылары өнер көрсетеді. Турнир карды жақын арада жарияланады.

Бұған дейінгі OCTAGON 24 турнирі 23 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен. Соңғы жарыстың басты жекпе-жегінде қазақстандық Қасым Әнуарбек (6-2) Қырғызстандық Нұрболот Асқарбек Уулыны (8-3) төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша қазақстандық спортшы жеңіл салмақта (61,2 келі) OCTAGON лигасының чемпионы атанды.

 

Турнирдің ресми серіктестері – табиғи су TURAN  және  1XBET бкумекерлер компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или