«Алтайдың» Әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды
Түркияның Анкара қаласында өтетін волейболдар әйелдер клубтары арасындағы Әлем чемпионатына қатысатын командалар белгілі болды.
Әлем чемпионатына Түркиядан «Фенербахче» мен «Вакифбанк» қатысса, Бразилиядан «Прая Клуб» пен «Минас» бақ сынайды. Италия мен Қазақстаннан бір-бір команда өнер көрсетеді. Италия намысын «Imoco Volley Conegliano» қорғаса, Қазақстан атынан өскемендік «Алтай» шығады.
Естеріңізге сала кетсек, «Алтай» Таиландта өткен Азия чемпионатында топ жарып, Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алған еді.
Анкарадағы Әлем чемпионаты 15-19 желтоқсан аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или