Дамир Исмағұлов артық салмақ көрсетті

Дамир Исмағұлов артық салмақ көрсетті

Этникалық қазақ файтері Дамир Исмағұловтың UFC 267 турниріндегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді.

Дамир Исмағұлов ресейлік Магомед Мустафаевпен кездеседі. Жекпе-жек Әбу-Дабиде UFC 267 турнирі аясында өтеді. Турнир 30 қазанға жоспарланған.

Қазақ файтері жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінде лимиттен асып кетті. Оның салмағы 74,16 келіні көрсетті. Енді спортшы сыйақысының бір бөлігін қарсыласына береді.

Исмағұловтың еншісінде ММА-де 23 жеңіс пен бір жеңіліс бар. Ал Мустафаев 14 рет жеңіп, үш мәрте жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или