Хоккейші қыздарымыз Польша құрамасынан да басым түсті

Хоккейші қыздарымыз Польша құрамасынан да басым түсті

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші рет жеңіске жетті. Бұл жолы 4:1 есебімен Польша құрамасынан басым түсті, деп жазады "Алаш айнасы".

Бірден айтайық, бұл – шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ІІ-дивизионындағы "А" тобының додасы. Қазақстан қыздары екінші кездесуін Польша құрамасымен өткізді.

Польша құрамасы осы әлем чемпионатының бірінші күні Хорватия қыздарымен кездесіп, 10:3 есебімен үстемдік танытқан болатын. Бірақ құрамының тең жартысы қазақ қыздары болып табылатын ұлттық құрамамыз Польша сұлуларын да аса қиналмай ұтты.

Голдарды Меруерт Рысбек, Карина Фельзинк, Зарина Тухтиева және Татьяна Королёва соқты. Бұл кездесуде біздің қақпаны Айжан Раушанова қорғады. Ол бұл кездесуде поляк қыздарының 29 соққысын тойтарды.

Ал Қазақстан құрамасының қыздары Агата Косынска қорғаған Польша құрамасының қақпасына 32 соққы бағыттап, төрт гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, Александр Мальцев жаттықтыратын хоккейші аруларымыз алғашқы матчты Оңтүстік Корея құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірген болатын.

Бүгін – Дамфристе (Ұлыбританияда) өтіп жатқан әлем чемпионатында, яғни ІІ-дивизионның "А" тобында демалыс. Ертең хоккейші қыздарымыз Жаңа Зеландия бұрымдыларының әуселелерін байқап көреді. Екі күнгі ойындардан соң алты ұпаймен Қазақстан және Ұлыбритания қыздары көш бастап келеді.

Әлем чемпионаты. ІІ-дивизион, "А" тобы. Дамфрис (Ұлыбритания)

Бірінші күнгі ойындар:

Қазақстан – Оңтүстік Корея – 2:0

Польша – Хорватия – 10:3

Ұлыбритания – Жаңа Зеландия – 8:1

Екінші күнгі ойындар:

Қазақстан – Польша – 4:1

Ұлыбритания – Оңтүстік Корея – 3:1

Хорватия – Жаңа Зеландия – 4:2

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или