Шорт-тректен әлем кубогы: Әділ Ғалиахметов ширек финалда бақ сынайды

Қытай астанасы Бейжіңде шорт-тректен лицензиялық әлем кубогінің бірінші кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан командасы сапынан бір спортшы финалға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан А финалына өтіп, жүлдеге таласатын алты спортшының қатарына кірді. Нұртілек Қажығали осы қашықтық бойынша В финалында сынға түседі.
Айта кетелік, Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Абзал Әжіғалиев 500 метрге жарысудан бақ сынап, ереже бұзғаны үшін турнирден шеттетілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или