ММА

Нұрбек Тәжібаев OCTAGON 24 турнирінде өнер көрсетеді

Нұрбек Тәжібаев OCTAGON 24 турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Нұрбек Тәжібаев (4-0) келесі жекпе-жегінің күнін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 жастағы шымкенттік файтер 23 қазанда Нұр-Сұлтанда өтетін OCTAGON 24 турнирінде өнер көрсетеді. Тәжібаевтың қарсыласы өзбекстандық Достон Бозоров (3-1) болады. Алдағы жекпе-жек жеңіл салмақ (70.3 кг) аясында ивенттің негізгі кардында өтеді.

Айта кетерлігі, OCTAGON 23 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Қасым Әнуарбек (5-2) қырғызстандық Нұрболот Асқарбек уулымен (8-1) кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы жеңіл салмақтағы (61,2 кг) OCTAGON чемпионы болады.

Алдағы турнирде Әнуарбектен басқа, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Бахрейн елдерінің файтерлері өнер көрсетеді. Турнирлік кардтың толық нұсқасы келесі аптада жарияланады.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN табиғи суы, 1XBET букмекерлік компаниясы, сондай-ақ Jaguar Energy Drink.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер