Жеңіліс сериясы жалғасты. Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұтылды

Жеңіліс сериясы жалғасты. Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұтылды

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің матчында Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндиямен ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Талғат Байсуфинов бірінші минуттан келесі футболшыларды шығарды: Шацкий, Бейсебеков, Быстров, Малый, Алип, Вороговский, Жуков, Куат, Васильев, Зайнутдинов, Өміртаев.

Матч тағдырын финдар сапындағы ең танымал футболшы Теему Пукки шешіп кетті. Сұрмерген әр таймда бір голдан соғып, өз құрамасына үш ұпай алып берді. 

13 қарашада Қазақстан турнирдің ақтық кездесуін Францияға қарсы өткізеді.

Қазақстан — Финляндия 0:2 (0:1)

Гол соққан: Пукки 45 (0:1), Пукки 48 (0:2). 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0