«Барыс» – «Ак Барс» матчының тікелей трансляциясы
10 қазанда «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы кезекті матчын өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Елордалық клуб өз алаңында қазанның «Ак Барс» командасын қабылдайды.
«Барыс» ойыншылары екі матчта қатарынан жеңіске жетіп, бұл ойынға жақсы көңіл-күймен шыққалы отыр. Юрий Михайлис шәкірттері жеңісті жолды жалғастырғысы келеді.
Ал қазандық команда керісінше екі ойында жеңіліп қалды. Олар Қазақстан астанасынан да құр қол қайтқысы келмейді.
«Барыс» – «Ак Барс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 16:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или