«Барыс» қақпашысы ҚХЛ-да үздік ойыншы атанды

«Барыс» қақпашысы ҚХЛ-да үздік ойыншы атанды

«Барыс» қақпашысы Йони Ортио кешегі СКА-мен болған матчтың басты қаһарманына айналды. Ол өз қақпасына бағытталған 24 соққының барлығын қайтарып, өз командасына жеңіске жетуіне көмектесті.

Осылайша, Йони Ортио қатарынан екінші матчта қақпасына гол жібермеді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ол «Авангардқа» қарсы матчты қақпасын «құрғақ» ұстаған болатын (1:0).

Елордалық клубтың қақпашысы жанкүйерлердің 48 пайыз дауысын алып, ҚХЛ-да ойын күнінің үздік ойыншысы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или