Морозовтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды
Қазақстандық файтер Сергей Морозовтың (17-5) UFC-дегі кезекті қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз бразилиялық Дуглас Силва де Андрадемен (27-4-1) кездеседі.
Жеңіл салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек 13 ақпанда Лас-Вегаста өтеді.
Бұл 32 жастағы қазақстандықтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол бір рет жеңіске жетіп, бір мәрте жеңілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или