Қаршыға Дәуітбек: Биыл тағы бір жекпе-жек өткізсем деймін

Қаршыға Дәуітбек: Биыл тағы бір жекпе-жек өткізсем деймін

Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек АСА 129 турнирінде ресейлік Валодя Айвазянды бірінші раундта жеңген. Қарсыласы екі апта қалғанда ауысып, дайындық кезеңіне әсер етті дейді спортшы.

- Қаршыға, кейінгі жекпе-жегіңіз туралы ойыңызды айтсаңыз. Жоспарлағандай өтті ме? Оның үстіне бұл АСА-дегі алғашқы жекпе-жегіңіз

- Иә, жекпе-жек жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын. Қарсыласым мықты. Армян ұлтынан шыққан ресейлік файтер, тәжірибесі мол. 10 жекпе-жек өткізіп, бәрін нокаутпен жеңген. Құдайдың қалауымен, бірінші айқасымды соған қарсы өткізу бұйырыпты. Турнирдің деңгейі жоғары болды, мықты спортшылар қатысты.

- Жекпе-жекке дайындық кезеңі жайлы да айта кетсеңіз.

- Дайындықты Ақтөбедегі "Еркін күш" клубында жасадым. Жаттығуым үш айға созылды. Өте ауыр дайындық болды дей аламын. Спарринг қарсыластарым мықты болды, физикалық жүктемелер ауыр болды. 

Толыққанды жауапкершілікпен қарап, жақсы дайындалдым. Ақтөбедегі бапкерлеріме рахмет, бетімнен қақпай, қолдарынан келгенше көмектесті.

- Қарсыласыңыз жекпе-жекке 2 апта қалғанда ауысты. Қарасыластың ауысқаны әркез қиын ғой. Бұл жолы қандай қиындық болды?

- Қарсыласым аз уақыт қалғанда ауысты. Алдыңғы тәжікстандық қарсыласым тізесін жарақаттап, жекпе-жекке шыға алмады. Оның орнына Айвазянды ұсынды. Бірден келісім бердім. Өйткені жекпе-жекке аз уақыт қалды, тағы күтіп қалғым келмеді. Сондықтан бас тартпадым. 

- АСА-мен келісімшарт жайлы айтсаңыз. Қанша жекпе-жекке жасалды, жоспар қандай?

- Төрт жекпе-жекке келісімшарт жасадық. Біріншісін өткіздім. Жоспарым - жылдың соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізу. Бірақ әлі ештеңе белгісіз. Демалған соң командамен ойланып, алға жоспар жасаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или