OCTAGON 24 турнирінде титулды жекпе-жек өтеді
Қазақстандық OCTAGON лигасының баспасөз қызметі бұған дейін хабарлағандай, OCTAGON 24 турнирі 23 қазанда Нұр-Сұлтандағы «Жекпе-Жек» сарайында өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
24-турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Қасым Әнуарбек (5-2) қырғызстандық Нұрболат Асқарбек Уулумен (8-1) кездеседі. Бұл жекпе-жекте жеңіл салмақтағы (61.2 кг) чемпиондық титул сарапқа салынады.
Әнуарбектен басқа алдағы ивентте Әлішер Ғабдуллин (8-3), Нұрбек Тәжібаев (4-0), Шермұрат Қалилов (2-0), Утукжан Союзов (4-3) және Арген Әбдіқадіров (3-0) өнер көрсетеді. OCTAGON 24 турнирінің карды жақын арада жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі OCTAGON 23 турнирі 17 қыркүйекте Алматыда өткен болатын. Кештің негізгі кездесуінде қазақстандық файтер Денис Муцнек (13-9) үшінші раундта қарсыласын тұншықтырып, тәжікстандық Фарход Давлятовты (4-1) жеңді.
Турнирдің ресми серіктестері - TURAN табиғи суы және 1XBET букмекерлік компаниясы.