Қазақстандық файтер Хабибтің промоушенінде жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дәурен Ермеков (14-5) EFC 42 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир 17 қазанда Сочиде өтеді.
Орта салмақта бақ сынайтын Ермековтің кезекті қарсыласы - 30 жастағы ресейлік Нуцалхан Умаханов (7-0).
Дәурен Ермеков кейінгі жекпе-жегін 2020 жылы 9 қыркүйекте Мәскеуде өткізді. Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған турнирде жерлесіміз үшінші раундта ресейлік Владимир Минеевтен техникалық нокаутпен ұтылды.
Айта кетейік, EFC 42 турнирін Хабиб Нурмагомедовтың Eagle Fighting Championship промоушені ұйымдастырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или