Федор Емельяненко бауырының блогермен жекпе-жек өткізіп дәрежесін түсіріп жатқанын айтты

Федор Емельяненко бауырының блогермен жекпе-жек өткізіп дәрежесін түсіріп жатқанын айтты

Аты аңызға айналған ресейлік жекпе -жек шебері Федор Емельяненко бауыры Александр Емельяненко мен блогер Артём Тарасов арасындағы жекпе-жек туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Рrosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Александр мен Тарасов арасындағы жекпе-жек ауыр әсер қалдырды. Маған көп нәрсе ұнамады. Бокс федерациясының боксты осындай жекпе -жектермен өлтіріп жатқаны түңілдіреді. Мұндай жекпе-жектер боксқа ешқандай танымалдық әпермейді. 

Меніңше, бүкіл өмірін боксқа арнаған спортшылар жоғары марапаттарға қол жеткізеді, өкініштісі олар өте аз табыс табады. Александр мұндай жекпе -жектермен өзінің дәрежесін түсіріп жатыр», - деді Федор Емельяненко YouTube -те «Ушатайка» арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Емельяненко Тарасовты тек төрешілер шешімімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или