«Барыс» бапкері жеңілістің себебін түсіндірді

«Барыс» бапкері жеңілістің себебін түсіндірді

«Барыстың» бас бапкері Юрий Михайлис құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) Мәскеудің «Динамосымен» болған ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Кездесу Ресей астанасында өтті және 3: 1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

«Жақсы матч, біз оған мұқият дайындалдық, чемпионат көшбасшысы бізге қарсы екенін түсіндік. Бірақ  ойын кезінде концентрация жеткіліксіз болды. Сондықтан, сәтсіздікке ұшырап, шайбалар өткізіп алдық», - дейді ол.

Осы сәтсіздіктен кейін астаналықтар он ұпаймен Шығыс конференциясы кестесінде сегізінші орында қалды, ал «Динамо» 22 ұпай жинап, көшбасшылығын сақтап қалды.

 «Барыс» келесі кездесуін  3 қазанда Ярославльдің «Локомотивімен» сырт алаңда ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или