«Сарыарқа» тағы да «Тороспен» «тіреседі»

Шайбалы хоккейден Қарағандының «Сарыарқасы» Братина кубогының жартылай финалында Башқұртстанның «Торос» клубымен кездесетін болды, деп жазады «Алаш айнасы».

Ресейдің Жоғары хоккей лигасында (ЖХЛ) сарапқа салынып жатқан Братина кубогының жартылай финалына төрт команда шықты. ЖХЛ-дың жыл сайынғы тұрақты біріншілігінің қорытынды кестесіндегі орындары бойынша «Сарыарқа» Нефтекамскінің «Торосымен» кездеседі.

Өйткені, жартылай финалға шыққан төрт команданың ішінде «Сарыарқа» әлгі кестеде ең жоғары, ал «Торос» ең төмен орналасқан – клубтар. Ал «Ижсталь» мен ТХК (Тверь хоккей клубы) – екеуінің ортасында.

/1/ «Сарыарқа» – /8/ «Торос» – 28-29.03; 1-2.04; 5.04; 7.04; 9.04

/2/ «Ижсталь» – /3/ ТХК – 29-30.03; 2-3.04; 6.04; 8.04; 10.04

«Сарыарқаның» Братина кубогының шешуші кезеңінде Нефтекамскінің «Торосымен» осымен үшінші жыл қатарынан жолы түйісіп отыр. 2012/2013 жылдар маусымында Қазақстан мен Башқұртстанның деңгейлері жағынан екінші клубтары Братина кубогының финалында кездескен.

Екеуара дода шектен тыс тартысты өтіп, жеті матчқа созылған. Сол жылы «Торос» 4:3 есебімен басым түсіп, Братина кубогын иеленген.

Ал өткен маусымда (2013/2014 жылдар) «Сарыарқа» мен «Торос» жартылай финалда кезікті. Былтыр Қазақстан клубы төрт матчта басым түсіп (4:0), финалға шықты. Финалда «Рубин» (Тюмень) клубын ұтып, Братина кубогын жеңіп алғанын білесіздер.

Биыл «Сарыарқа» мен «Торостың» жолдары тағы да жартылай финалда түйісіп отыр. «Сарыарқа» биыл да (былтырғыдай) «Торосты» жолынан тайдырады деп сенеміз.

«Алаш айнасы» интернет-порталынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или