ВИДЕО. Қуат Хамитов Мариф Пираевтан жеңілді
Сочиде (Ресей) AMC Fight Nights турнирі аяқталды, оның негізгі шайқасына қазақстандық файтер Қуат Хамитов қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Соңғы шарада Хамитов (21-8-1) ресейлік спортшы Мариф Пираевпен (27-4-1) кездесті. Жеңіл салмақта (70 келі) үш раундтық жекпе-жек бірауызды шешіммен 28 жастағы Пираевтың жеңісімен аяқталды.
33 жастағы Хамитов үшін бұл жеңіліс мансабындағы сегізіншісі болды. Соңғы рет ол 2019 жылдың сәуірінде, төрешілердің шешімі бойынша Нариман Аббасовтан жеңіліп қалған болатын. Пираевке келетін болсақ, Мариф мансабындағы 27 -ші және қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или