Хамитов - Пираев жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Хамитов - Пираев жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

24 қыркүйекте Сочиде (Ресей) аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Қуат Хамитов «Пиранья» лақап атымен танымал ресейлік Мариф Пираевпен кездеседі.

Кеш аясында тағы бір қазақстандық файтер Нұрбек Қабдырахманов кәсіпқой мансабындағы бесінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы - ресейлік Азамат Ачмиз (3-0).

Айта кетейік, Хамитов кейінгі жекпе-жегін маусым айында өткізді. Онда жерлесіміз украиналық Роман Головиновті бірінші раундта жеңді.

Тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 23:15-те басталады, жекпе-жектерді мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или