Қысқы

Алматы қаласында кёрлингтен Әлем Кубогы өтеді

Алматы қаласында кёрлингтен Әлем Кубогы өтеді
news-banner7
mobile-news-top

23-26 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Алматы-Арена» мұз сарайында керлингтен Әлем Кубогы (20-th Nazarbayev Curling Cup WCT Mixed Doubles 2021) өтеді.

Әлем Кубогы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Ал жаһандық бәсекенің ұйымдастыру жұмысына Қазақстан керлинг, едендегі керлинг, петанк федерациясы Халықаралық керлинг федерациясымен бірлесіп жауап береді.

Айта кетейік, керлингтен мұндай жоғары деңгейлі жарыс елімізде 20 жылдан кейін енді өткелі тұр. Әлем Кубогы халықаралық жарыстар күнтізбесіне енгізілгендіктен ведмстоаралық комиссия жарысты ұйымдастыруға рұқсат берген.

Енді үш бойы әлемнің үздік 12 командасы «Алматы-Арена» кешенінде кім мықтыны анықтайды. Сонымен қатар Халықаралық керлинг федерациясының басшылығы мен делегация өкілдері келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер