Қазақстан құрамасы 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия регби-7 сериясында Үндістаннан басым түсті
Қазақстан құрамасы Ташкентте 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан Азия регби-7 сериясында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандықтар 12:10 есебімен үндістандық құрдастарын жеңді. Құрама сапында Анастасия Ходус пен Милана Алаева бес ұпайдан салса, екі ұпайды Гүлім Бақытбек сыйлады.
Оның алдында қазақстандық құрама турнир қожайыны Өзбекстанды 26:0 есебімен тас-талқан еткен еді.
Енді Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де қазақстандық қыздар Біріккен Араб Әмірлігімен кездеседі.
Фото asiarugby.com
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или