«Тұран» - «Ордабасы» матчына көрермен кіре алады

«Тұран» - «Ордабасы» матчына көрермен кіре алады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан чемпионатының ХХІ туры аясындағы «Тұран» – «Ордабасы» матчы жанкүйерлермен өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz түркістандық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ойын стадион сыйымдылығынан 50%-ға дейін көрермендердің қатысуымен өтеді. Матчқа Ashyq жобасында «жасыл» мәртебесі бар жанкүйерлердің кіруіне рұқсат етіледі.

Айта кетейік, «Тұран» - «Ордабасы» матчы «Түркістан Аренада» өтеді. Ойын 18 қыркүйек күні 20:00-де басталады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер