Қысқы

Валерия Тюленова: Шаңғышылар жаз кезінде де жаттығуды тоқтатпайды

Валерия Тюленова: Шаңғышылар жаз кезінде де жаттығуды тоқтатпайды
news-banner7
mobile-news-top

Шаңғымен жарысудан Қазақстан командасының мүшесі Валерия Тюленова спортшылардың жазғы мезгілде немен айналысатынын айтты деп жазады Olympic.kz.

«Шаңғышылар жазда демалады деген бос сөз. Жазда біз түрлі жаттығулардан өтеміз. Жүгіру, жалпы дене жаттығы, роллермен жарысу, кросс, тауға шығу. Дәл осылай тізе беруге болады.

Мұның бәрі бабыңды сақтап, физикалық қабілетіңді одан әрі арттыруға көмектеседі. Кейін қарда жаттығу жасай бастағанда, жаздағы жаттығудың бос кетпегенін байқайсың.

Сондай-ақ, жазда түрлі жарыстар өткізіледі. Әлем чемпионаттары мен әлем кубогі де бар. Жарысқа қатысатын болсаң, соған орай қосымша дайындаласың», - дейді Тюленова

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер