Қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай дағыстандық Амирхан Оевпен жұдырықтасады
Hype Fighting Championship промоушені медиа және поп-ММА-дағы үздік файтерлер қатысатын Гран-приді жариялайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жобаға белгілі спортшылар - Эмиль Новрузов, Мұратбек Қасымбай, Әмірхан Оев, Марат Исаев, Ахмед Еделбиев, Харун Бозиев, Арби Емиев және Искандар Зияев қатысады. Жеңімпаз MERCEDES C-CLASS көлігін алады! Сонымен қатар, Гран-приден бөлек, рейтингтік жекпе-жектер де өтеді.
Гран-придің 1/8 финалында Мұратбек Қасымбай Ақ арыстан лақап атымен танылған Әмірхан Оевпен кездеседі, Марат Исаев Искандар Зияевпен жұдырықтасады. Файтерлер бокс ережелері аясында ММА қолғабында төбелеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или