Ербосынұлы – Аллен жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
Екінші орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) 12 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда маңызды жекпе-жек өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Ербосынұлы гайаналық Леннокс Алленмен (22-1-1, 14 КО) жұдырықтасады. <span>Бұл кездесудің жеңімпазы екінші орта салмақта WBA әлем чемпионы титулына ресми үміткер болады. Айдос WBA нұсқасы бойынша екінші орта салмақтың рейтингісінде көш бастап тұр, ал оның қарсыласы Аллен 10-орында.</span>
Елордадағы бокстан кешін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Тікелей трансляция 16:00-де басталады.
Ест кетейік, кеш аясында Бек Нұрмағанбет (4-0, 2КО), Евгений Павлов (4-0, 3КО), Данила Семенов (3-0, 2КО) және Фируза Шарипова (13-1, 7КО) өнер көрсетеді.
Айдос Ербосынұлы былтыр желтоқсанында Нұр-Сұлтанда ганалық <span>Исса Самирді (19-1, 16 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.</span>
Екінші орта салмақта WBA Super чемпионы атағы мексикалық Сауль Альвареске, ал тұрақты чемпиондық белбеу кубалық Дэвид Морреллге тиесілі. Былтыр тамызда Леннокс Аллен Морреллге бірауызды шешіммен есе жіберді.
