Қазақстандық екі боксшы WBA титулы үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық екі боксшы WBA титулы үшін жекпе-жек өткізеді

12 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-жек» сарайында бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Boxrec.com порталының мәліметіне сенсек, аталған кеште Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) гайаналық Леннокс Алленмен (22-1-1, 14 КО) кездеседі. <span>Бұл кездесудің жеңімпазы екінші орта салмақта WBA әлем чемпионы титулына ресми үміткер болады. </span>

<span>Кеш аясында өзге үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың екеуі вакантты WBA International белбеуіне таласады.</span>

<span>Атап айтқанда, ә</span>уесқой бокстан Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет (4-0, 2 КО) екінші орта салмақта мексикалық Бруно Сандовалмен (21-4-1, 17 КО), ал Евгений Павлов (4-0, 3) екінші жеңіл салмақта ганалық Айзек Саккеймен (25-1-1, 20 КО) аталған белдікті сарапқа салады.

Тағы бір отандасымыз, ауыр салмақта бақ сынайтын Данила Семенов (3-0, 2 КО) Намибия боксшысы Викапита Мероромен (30-10, 15 КО) жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или