Қысқы

Шаңғымен тұғырдан секіруден Щучинсктегі Гран-при: Қатысушылар арасында Олимпиада чемпиондары бар

Шаңғымен тұғырдан секіруден Щучинсктегі Гран-при: Қатысушылар арасында Олимпиада чемпиондары бар

4 қыркүйек күні Щучинск қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы жазғы Гран-при сериясы басталады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Турнир «Бурабай» халықаралық шаңғы базасының аумағында өтеді. Жарысқа 15 елден келген 40 спортшы қатысады. 

Қатысушылар арасындағы 2018 жылғы Олимпиада ойындарында командалық сында жеңіске жеткен норвегиялықтар Роберт Юханссон мен Йоханн Андре Форфанг бар. 

Сондай-ақ, Жапонияның да құрамы мықты. 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Даики Ито жүлдеге таласады. 

Гран-при сериясына қатысатын мемлекеттер тізімі: Австрия, Болгария, Канада, Қазақстан, Корея, Италия, Норвегия, Ресей, Словения, Түркия, АҚШ, Украина, Эстония, Чехия, Жапония.

Қазақстан атынан Сабыржан Муминов, Сергей Ткаченко және Данил Васильев.


«Әдеттегідей, жарысқа жақсы дайындалдық. Жоғары нәтижеден үміттіміз. Бұл біздің ел, біздің тұғыр. Сол себепті, жақсы өнер көрсетуге тырысамыз. Жаттығу жоспар бойынша өтті. Пандемиядан кейін қалыпқа келудеміз. Лицензиялық бәсеке болғандықтан, қажетті қолдау көрсетілді. Іріктеу кезеңінде өз мақсатымызға жетеміз деген ойдамыз», - дейді команжа бас бапкері Қайрат Биекенов. 

FIS әлем кубогінің жазғы кезеңдері «А» санатындағы жарыстар тізбегіне енеді. Аталған бәсеке 2022 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерінің қатарында. 

«Дайындықты Щучинск қаласында өткіздік. Бәрі де жемісті өтті. Өз мүмкіндігімізді көрсетуге дайынбыз. Менің лицензия алатын әлеуетім бар, бірақ маусым енді басталды. Өз күшімді салуым керек. Қараша айынан бастап қысқы кезеңдер басталады, демек, деңгейімізді көтеру қажет»,- дейді Сергей Ткаченко. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0