Теннис

Қарағандыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

Қарағандыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанда алғаш рет үстел теннисінен «2021 ITTF Kazakhstan International Open» халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы үстел теннисі федерациясы хабарлады.

15-19 қыркүйек аралығына жоспарланған дүбірлі дода Қарағанды қаласындағы жаңа «Saryarka» үстел теннис орталығында ұйымдастырылады.

Байрақты бәсекеге Австрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия мен Қазақстаннан 70 -тен астам спортшы қатысады. Жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрайтын бұл беделді жарыс ITTF халықаралық үстел теннисі федерациясының ТМД елдеріндегі биылғы жалғыз рейтингтік турнирі болып табылады.

«Үстел теннисі бойынша Қазақстан мұндай халықаралық шараны бірінші рет ұйымдастырып отырған жоқ. 2017 жылы Нұр-Сұлтанда әлемнің мықты спортшыларының қатысуымен «ITTF World Tour Grand Finals» халықаралық турнирі өтті. Биыл Қазақстан үстел теннисі федерациясы Халықаралық федерациясы аясында беделді жарыстарды дәстүрлі түрде үнемі өткізуге ниетті екенін жариялайды. Тәжірибе көрсеткендей, бұл аймақтардағы материалдық -техникалық базаны нығайтумен бірге республикадағы ең ауқымды олимпиадалық спорт түрлерінің бірін дамытуға қосымша ынталандыруды қамтамасыз етеді. Біз Kazakhstan Open додасын жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Әсіресе былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ашқан Қарағандыдағы орталық барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және кез келген деңгейдегі жарыстарды өткізуге қауқары бар»,-деді Ұлттық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулгазин.

Федерация атап өткендей, Қарағандыдағыдай үстел теннисінің орталықтары еліміздің басқа жеті облысында салынуда. Жалпы ауданы 4000 шаршы метрден асатын «Saryarka» орталығының құрамына 18 теннис үстелі бар ойын бөлмесі және Халықаралық үстел теннисі федерациясының барлық техникалық талаптарына сәйкес келетін 9 теннис үстелі бар жаттығу залы бар. Сонымен қатар, кешенді жаттығулар үшін Орталықта спорт залдары, медициналық кабинет, спортшыларға арналған демалыс бөлмелері, төрешілер мен жаттықтырушылар бөлмелері, конференц -залдар мен фуд корты бар.

Екі Олимпиада ойындарының қатысушысы және ұлттық құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко турнирге Қазақстан құрамасының құрамында қатысады. Турнирді Qazsport телеарнасы мен Халықаралық ITTF федерациясының ресми сайты тікелей көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер