Жеңіске бергісіз нәтиже. Қазақстан Украинамен тең түсті

Жеңіске бергісіз нәтиже. Қазақстан Украинамен тең түсті
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Украинамен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтанда өткен кездесу голмен басталды. 2-минутта Роман Яремчук алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты. Үзіліске дейін украиналықтардың есепті ұлғайтатын мүмкіндігі болды, бірақ кей тұста Стас Покатилов, кей сәтте қақпа бағанасы құтқарып қалды. Қазақстан құрамасы да алыстан бірнеше рет Андрей Пятовтың қырағылығын тексеріп көрді.

Ал екінші таймда қазақстандықтар белсендірек ойнады. 68-минутта Абат Айымбетов таразы басын теңестірген, алайда төреші голды есептеген жоқ - офсайд.

Дегенмен алаң иелері жанкүйерлерін қуанта алды. 74-минутта Асхат Тағыбергеннің алаң ортасынан берген пасын әдемі қабылдаған Руслан Валиуллин есепті теңестірді - 1:1.

Өкінішке қарай, матч соңына қарай Данила Сикан украиналықтарды алға шығарды. Дегенмен, қазақстандықтар соңғы секундтарда тағы бір гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер