Әлем футболы

Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайтып оралуын Сэр Алекс Фергюсенге арнады

news-banner7
mobile-news-top

Португалиялық 36 жастағы шабуылшы Криштиану Роналду өзінің Манчестер Юнайтедке қайтып оралуын Қызыл сойқандардың аңыз жаттықтырушысы Алекс Фергюсенге арнады.

Бұл жөнінде әлемнің үздік сұрмергені өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Барлығы мені және менің Манчестер Юнайтедке деген махаббатымды жақсы біледі. Бұл клубта өткізген жылдарым мен командамен бірге жүріп өткен жолдарым тарихта алтын әріппен жазылып тұр.
Бүкіл әлем бойынша айтылып жатқан менің Олд Траффорд-қа қайта оралуым жөнінде бастан өткізіп жатқан сезімдерімді айтып жеткізуім мүмкін емес. Мен мұны үлкен арманымның орындалғанымен теңестірер едім. Бұл 100% арманымның орындалғаны.
Менің ең алғашқы ішкі біріншілігім, менің ең алғашқы Кубогым, менің ең алғашқы ел құрамасына шақырту алуым, менің ең алғашқы Чемпиондар лигам, менің ең алғашқы Алтын бутсым және ең алғашқы Алтын добым осының барлығы менің және Қызыл сойқандардың ерекше қарым-қатынасынан туған. Тарих бұған дейін жазылып қойған және бұдан кейін де жазылады.
P.S. Сэр Алекс бұл сіз үшін", – деп жазды ол.

Еске сала отырайық, 27 тамыз күні Манчестер Юнайтед пен туриндік Ювентус клубтары португалдық ойыншының трансфері жөнінде бір келісімге келген болатын. Клуб Роналдумен тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен екі жылдық келісімшартқа отырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер