Әлем футболы

«Реал» Мбаппені тегін алуды көздейді

news-banner7
mobile-news-top

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе «Реал Мадридке» биыл ауыспайды.

Бұл туралы испандық Marca басылымы хабарлады. ПСЖ өкілдері «Реал» басшылығы ұсынған 180 миллион еуро болатын ұсынысына жауап бермеген. Сол себепті мадридтік клуб келіссөзден шықты.

Енді корольдік клуб қыста футболшының өзіне жеке келісімшарт ұсынып, жазда ПСЖ-мен еңбекшарт мерзімі аяқталғанда командаға тегін қосуды көздейді.

Айта кетейік, Мбаппе ПСЖ-ға 2017 жылы «Монакодан» ауысып келген. Қазіргі командасымен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер