Азия чемпионатында жас боксшыларымыз 49 медаль жеңіп алды

Азия чемпионатында жас боксшыларымыз 49 медаль жеңіп алды

Дубайда (БАӘ) жастар арасында бокстан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан турнирде барлығы 49 медаль жеңіп алды: 19 алтын, 15 күміс және 15 қола. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте Өзбекстан мен Үндістанды басып озып, бірінші орынды иеленді.

Өзбекстан құрамасының қоржынында 39 медаль (17 алтын, 10 күміс және 12 қола), Үндістанда да 39 медаль бар, бірақ «алтын» аз (14 алтын, 14 күміс және 11 қола).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или