«Қайраттың» Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды

«Қайраттың» Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды

27 тамызда Ыстамбұлда Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz

Алматылық «Қайраттың» топтық кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды. «Қайрат» Н тобында өнер көрсетеді. Оның қарсыластары - швейцариялық «Базель», әзербайжандық «Карабах» пен кипрлік «Омония». 

Жеребе нәтижесі мынадай:

А тобы: ЛАСК, «Маккаби Тель-Авив», «Алашкерт», ХИК.

В тобы: «Гент», «Партизан», «Флора», «Анортосис».

С тобы: «Рома», «Заря», ЦСКА (София), «Буде-Глимт».

D тобы: «Алкмаар», ЧФР, «Яблонец», «Раннерс».

Е тобы: «Славия», «Фейеноорд», «Унион Берлин», «Маккаби Хайфа».

F тобы: «Копенгаген», ПАОК, «Слован», «Линкольн Ред Импс».

G тобы: «Тоттенхэм», «Ренн», «Витесс», «Мура».

Н тобы: «Базель», «Карабах», «Қайрат», «Омония».

1/8 финалда әр топтың жеңімпазы тікелей шығады. Ал екінші орын алғандар Еуропа лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған командалармен кездеседі. Қай жеңгені 1/8 финалға жолдама алады. 

Бірінші тур матчтары 16 қыркүйекте өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или