Қысқы

Галышева: Алдағы маусымға дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр

Галышева: Алдағы маусымға дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында Қазақстан тарихында алғаш рет судағы трамплиннен секіруден еліміздің жазғы кубогы өтті. Аталған турнир фристайл-могулдан FIS бағдарламасына енген болатын.

Жазғы кубокке жалпы есебі 35 спортшы қатысты. Қыздар екі жас санатында, ерлер үш жас категориясында сынға түскен. Осылайша, бапкерлер ұлттық құраманың алдағы резервін де бақылауға мүмкіндік алды.

2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева де өз ойымен бөлісті.

«Жазғы маусымды Риддердегі дайындықтан бастадық. Кейін бірден судағы трамплинге ауыстық. Былтыр жаттығуды кеш бастап, біраз секіру элементтерін соңына дейін үйрене алмадық. Жазғы кубокке өзім алғаш рет қатысып тұрмын. Өз елімізде жарыс өткізіп жатқаымыз өте керемет емес пе? Бізге жанкүйер болып жақындарымыз, достарымыз, жас спортшылар келеді. Олар біздің болашағымыз», - дейді Галышева.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер