Ауыр атлетика

Чиншанло мен Сон Олимпиада ақшасын қайырымдылыққа аударады

Чиншанло мен Сон Олимпиада ақшасын қайырымдылыққа аударады
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло басқа спортшылардан үлгі алып, ақшалай сыйлықтарын қайырымдылыққа аударуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Рrosports.kz Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло Toyota Camry 75 автокөлігінің кілтін алғаны белгілі болды, ал жеке жаттықтырушыларға федерация президенті Жанат Түсіпбековтің ақшалай сыйақысы берілді.

Спортшылар Олимпиададан «қола» алғаны үшін берілетін (қола медаль үшін әрқайсысы 75 мың доллардан) қаржыны қайрымдылыққа аударатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Токиодағы Олимпиадада Игорь Сон 61 келіде, Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер