Алматыда 18 тамыз күні аралас жекпе-жектен ірі турнир өтеді

Алматыда 18 тамыз күні аралас жекпе-жектен ірі турнир өтеді

18 тамызда Қазақстанның оңтүстік астанасында аралас жекпе-жектен Alash Pride Grand Prix 67 ірі турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ауқымды жарыста біздің елдің ғана емес, көршілес елдердің де танымал спортшылары өнер көрсетеді.

<span>Аlash Pride Grand Prix 67 турнирінің рейтингтік жекпе-жегінде </span>Мақсат Есболатов, Серік Тілекеев, Ғалымжан Қанаев, Бауыржан Қалмұрзаев (бәрі - Қазақстан), Бобур Курбанов, Азамат Нуфтиллаев, Бобуржон Абдулазизов, Муроджон Ахмедов, Жонибек Номозов (бәрі -  Өзбекстан), және Медербек Нурмамат Уулу (Қырғызстан) төбелеседі. 

Жарыс 7 тамыз күні өтеді деп жоспарланған. Алайда, Алматыдағы шектеулерге байланысты 18 тамызға қалды. Көрермендер кіре алмағанымен, <span>QAZSPORT телеарнасынан тікелей эфирде тамашаулға мүмкіндік бар. </span>

<span>Айта кетейік, «ALASH PRIDE»жекпе-жек клубы - Қазақстандағы кәсіби ММА-дан ең мықты спорттық ұйым. «ALASH PRIDE» есебінен 40-тан астам турнир өткізілді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или