Президент кубогының финалы: «Барыс» - «Сарыарқа» матчының тікелей трансляциясы

Президент кубогының финалы: «Барыс» - «Сарыарқа» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 15 тамызда шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Президенті кубогының финалдық матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші орын үшін матчта Өскемендік «Торпедо» мен қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командалары ойнайды. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 12.00-де басталады.

Елордалық «Барыс» пен қарағандылық «Сарыарқа» финалдық матчта кездеседі.

Еске салайық, бұл командалар арасында өткен топтық кезеңдегі ойын 4:3 есебімен қарағандылық клубтың пайдасына аяқталды.

Ақтық матч елорда уақытымен 17:00 -де басталады. Екі ойын да QazSport телеарнасында тікелей көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или