«Сарыарқа» «Ермакты» ұтып сериядағы есепті ашты

«Братина кубогы» жолындағы 1/4 финалдық ойындарының алғашқы кездесуінде қарағандылық «Сарыарқа» өз алаңында ангарскілік «Ермакты» 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қарағанды-Арена» мұз айдынында алаң иелерін қолдауға келген жанкүйерлердің саны 4680-ге жетті. Қазақстандық хоккейшілер алғашқы минуттардан бастап тізгінді қолдарына алды. Көп ұзамай бірінші шайба да соғылды. «Сарыарқаның» қорғаушысы Илья Антоновский шабуылға араласып, жақын қашықтықтан соққан шайбасымен есепті ашты. Сібірліктер де қарымта шабуылда керемет ойнап, қорғанысымызды бұзып жарды. Қақпашымыз Владимир Ковачтың арқасында біраз шайбалар қақпамызға енбеді. Бірінші таймның орта тұсында есеп теңестірілді. Сол жақ қапталмен өрбіген шабуылға Александр Архипов нүкте қойды. «Сарыарқаның» шабуылшысы Евгений Рымаревтің орта тұстан сытылып шыққан сәтінде қарсылас команданың қорғаушылары шалып жыққан болатын. Бас төреші бұл жайтқа буллит белгілемеді. Үзіліске аз ғана уақыт қалғанда «Ермак» қақпасына тағы екі шайба соғылып үлгерді. Алғашқы соққының авторы Артур Кузменков болса, екінші шайба Илья Антоновскийге тиесілі. Есеп 3:1.

Екінші ойын бөлігі де тартысты өтті. Кезекті шайба тағы да үзіліс алдында соғылды. Сібірлік Александр Чигринцев есепті қысқартып, 3:2-ге жеткізді.

Соңғы айналымда қазақстандықтар тәуекелге баруды жөн деп санамады. Қорғанысқа мән беріп, есептің теңеспеуін қадағалады. Қарсыластың үш соққысын қайтарған Владимир Ковач көрермендердің ықыласына бөленді. Ойын аяқталар сәтте ресейліктер тайм-аут алып, қақпашысыз ойнауға кірісті. Бірақ қарағандылықтар шыдап бағып, жеңісті уыстан шығармады.

13-ші наурыз күні «Сарыарқа» және «Ермак» Қарағандыда қайта кездеседі.

«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Ермак» (Ангарск) 3:2 (3:1, 0:1, 0:0)

1:0 - Антоновский (Зубрицкий) – 02:46

1:1 - Архипов (Жмаев) – 10:59

2:1 - Кузменков (Рымарев, Шастин) – 19:29

3:1 - Антоновский (Рымарев, Шастин) – 19:59

3:2 – Чиглинцев (Кочетков) – 36:09

Қақпашылар: Ковач – Полошков (Козубенко, 24:42 – 60:00)

Сериядағы есеп: 1:0

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или