Ильяр Асханов OCTAGON мен BRAVE бірлесе ұйымдастыратын турнирге қатысады
Жеңіл салмақта (70,3 келі) ОGTAGON лигасының қазіргі чемпионы қазақстандық Ильяр Асханов (9-3) келесі жекпе-жегінің күнін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
30 жастағы алматылық файтер 21 тамызда Алматыда OCTAGON мен Bahrain Promotion BRAVE CF ұйымдастыратын турнирге қатысады. Асхановтың қарсыласы ресейлік Ахмед Магомедов (8-0). Бұл жекпе-жек 68 келіге дейінгі аралық салмақта өтеді.
Асханов сегізбұрышқа соңғы рет осы жылдың шілдесінде, OCTAGON 21 турнирінде шығып, қазақстандық Эмрах Шавкатовты (4-1) жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, 21 тамызда өтетін алдағы турнирдің басты айқасында лиганың бұрынғы чемпионы Нұржан Ақышев (11-3) Оңтүстік Кореялық спортшы Тэ Кюн Киммен (8-0) кездеседі. Бұл жекпе -жек жеңіл салмақта (65,8 келі) өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или