Жереми Манзорро «Тобылда» қалуы мүмкін

Жереми Манзорро «Тобылда» қалуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Франциялық жартылай қорғаушысы Жереми Манзорро «Тобылға» оралып, маусымды Қостанайда аяқтауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Өткен аптада чемпионат көшбасшысы француз футболшысымен қоштасқаны белгілі болған. Манзорро «Шахтерге» ауысқысы келген.

Бірақ сербиялық вингер Зоран Тошичтің жарақаты жағдайды өзгертті, Жереми Қостанайда қалуы мүмкін. Тошич тізесіндегі жарақатына байланысты біраз уақыт алаңға шыға алмайды. Нақты мерзімі әлі белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер