Ауыр атлетика

Қытай құрамасы Токиода тағы бір алтын медаль алды

Қытай құрамасы Токиода тағы бір алтын медаль алды
news-banner7
mobile-news-top

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қытай құрамасы екінші алтын медалін алды, деп жазады Prosports.kz.

Ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы 49 келі салмақ дәрежесінде қытайлық спортшы Хоу Чжихуэй 210 (94+116) келіні көтеріп, Олимпиада чемпионы атанды.

Күміс медаль Үндістан өкілі Чану Саихом Мирабайға бұйырды 202 (87+115). «Қоланы» 194 (84+110) келіні көтерген индонезиялық Винда Кантика Айса алды.

Айта кетейік, бұған дейін қытайлық спортшы Ян Цянь 10 м қашықтықта пневматикалық мылтық атудан алтын медаль алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер