Олимпиада-2020. Токиодан хабар
Басқа

Олимпиада күнделігі. Наразы болған жапондар және ашылу салтанаты жайлы

Олимпиада күнделігі. Наразы болған жапондар және ашылу салтанаты жайлы
news-banner7
mobile-news-top

23 шілде - Токиода Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазақстаннан келген бір топ журналист түс ауғанда Олимпиада стадионына жол тарттық.

Жергілікті уақыт бойынша кешкі 8-де басталатын іс-шараға қонақ үйден 5 сағат бұрын шықтық. Өйткені Токиода үлкен қала болғандықтан жолға ұзақ уақыт кетеді, оның үстіне ашылу салтанатына баратын адамдардың қарасы көп.

Бір сағат жол жүріп, бүкіл автобустар келетін орталыққа жеттік. Еріктілерден жол сұрап, Олимпиада стадионына баратын автобусты іздедік. Баспасөз қызметкерлеріне арналған бөлек автобустар жүргенімен оған кезекті өзі бір сағат уақытты алды.

Әйтеуір, әупірімдеп жүріп жеттік. Стадионға келе сала бірнеше кезеңнен тұратын тексерістен өттік. Жол бойы қоршаудың ар-жағында тұрған жапондардың қарасы қатты болды. Сөйтсек, стадионның маңында жергілікті тұрғындар Олимпиаданың өтуіне қарсы наразылыққа шыққан екен.

Ішке кірісімен баспасөз қызметкерлеріне арналған бөлмені тауып, жұмысқа кірісе кеттік. Ашылу салтанатына жарты сағат қалғанда жоғары көтеріліп, баспасөзге арналған орынға жайғасып жатқанымыз сол еді, жапонша айқайлаған сөздер естілді. Назарымыз бір сәт сыртқа ауып, не болып жатқанын көруге түстік. Көше толып адамдар, қолдарына плакат ұстап, наразылығын білдіріп жатыр. Қарсы бетте тұрған полицейлер үн-түнсіз жағдайды бақылап тұр.

Жапон қызының айқайлаған дауысы біраз уақыт естілді. Ашылу салтанаты басталса да стадионда наразы адамдардың дауысы басып тұрды. Жапон халқы бірнеше апта бойы наразылыққа шығып жатыр. Олар үкімет конституцияны бұзып жатқанына және халықты вирустан қорғай алмайтынына сенімді. Оның үстіне, жапон халқы ковид ахуалы ушығып тұрған сәтте мұндай үлкен іс-шараның қажеттілігі шамал екеніне сенімді.

Халықаралық Олимпиада комитеті спортшылар орналасқан Олимпиада қалашығына еш қауіп төніп тұрмағанын айтады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер