Путинцева Будапешт турнирінде топ жарды

Путинцева Будапешт турнирінде топ жарды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапешттегі турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде бірінші нөмірмен қатысқан Путинцева жексенбі күнгі финалда украиналық Ангелина Калининаны 6:4, 6:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, матч 1 сағат 13 минутқа созылды.

26 жастағы қазақстандық үшін бұл Әйелдер теннис ұйымындағы (WTA) екінші жеңісі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или